Қошқарбаева Айтолқын

Директор, СМА, CIA

Қошқарбаева Айтолқын
Директор, Аудиторлық қызметтер департаменті

Айтолқын – сертификатталған басқарушы бухгалтер (CMA), сертификатталған ішкі аудитор (CIA).
 
Қаржы және қаржылық талдау, басқарушылық есеп, стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу және болжау, жобаларды басқару, ішкі аудит және биржада акциялары саудада жүретін компанияларды бақылау, ХҚЕС және US GAAP сәйкес келетін есептілікке назар аудара отырып, салық салу, қазынашылық, логистика, бизнес-процестерді есептілікте құру, шарттарды басқару және ішкі бақылау жүйесінде кәсіби тәжірибесі бар.
 
Moore Stephens-ке қосылғаншы Айтолқын аудит (KPMG, супервайзер), телекоммуникация саласының ірі компанияларында (КаР-Тел, US GAAP есептілігі және бюджеттеу бөлімінің бастығы), энергетика (AES компания тобы, ішкі бақылау қызметінің басшысы), фармацевтика (Hoffmann-La Roche Ltd, қаржы директоры - қаржы, логистика және ақпараттық технологиялар департаментінің басшысы) салалрында жұмыс істеді.
 
Оның аудит жүргізу тәжірибесі тау-кен, мұнай-газ, азық-түлік, коммуналдық, телекоммуникациялық және банк салалары мен Қазақстандағы және Қырғызстандағы коммерциялық емес ұйымдарды қамтиді.
 
Екі жоғары білімі бар (Алматы технологиялық университеті, КИМЭП).