Әлемдегі Moore Stephens

Moore Stephens International - бұл Лондонда штаб-пәтері бар, аудиторлық, бухгалтерлік және кеңес беру фирмаларының, ең ірі халықаралық желілерінің бірі.

1907 жылы құрылған Moore Stephens International бүгінде әлемдегі он ірі аудиторлық компаниялардың құрамына кіреді, 108 мемлекетті қамтиды және 657 офиста қызмет атқаратын 27000-нан астам қызметкерлерден тұрады, жылдық айналымы 2.7 миллиард долларды құрайды.

Бірлестіктің мұндай тармақталған құрылымы оның әрбір қатысушысына әріптестерімен практикалық тәжірибесімен және білімдерімен алмасуға мүмкіндік береді. Бұл біздің клиенттерімізге жер шарының қай нүктесінде бизнес жүргізсе де, жоғары деңгейдегі кеңес алуға және бізбен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын талап етуге ықпалын тигізеді.

Тәуелсіз Moore Stephens фирмалар желісінің құндылықтары ортақ: кәсіби ұстанымдарға адалдық, жеке көзқарас, жоғары сапа, терең білім және жаһандық көзқарасы.

Жергілікті нарықтарды білу мен кең халықаралық тәжірибе желісі, клиенттерге үлкен сенім береді,  олардың қойған талаптарына қарамастан Moore Stephens жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде кез келген мәселелердің үздік шешімін қамтамасыз етеді.