Қалай клиент болуға болады

Бізден жиі компания немесе жеке тұлға қалай біздің клиент болуға болатынын сұрайды,  сондай-ақ Moore Stephens компаниясының өз атынан немесе бизнес атынан әрекет етуі үшін қалай мүмкіндіктерін кеңейте алатыны туралы білгісі келеді. 

Алғашқы байланыс орнату

Дәл қазір сіз біздің сайт беттерін шолуда болғандықтан, алғашқы байланыс орнатудың ең оңай жолы - Хабарласыңыз батырмасын басып, сізді байланысқа алу үшін, бізді негізгі ақпараттармен қамтамасыз етіңіз. Сонда сіз тап болған мәселелер туралы кейбір негізгі фактілерді білу үшін және алғашқы отырысты тағайындау мақсатында біз сізге қоңырау шаламыз. Немесе сіз бөлімдердің орналасу бетіндегі ең жақын кеңсе арқылы бізбен байланысқа шыға аласыз, біздің серіктес немесе аға маман сізбен сөйлесуге қуанышты болады.
 
Кім менің жұмыстарымды жүргізеді?

Әрбір клиент үшін клиентпен байланыс серіктесі тағайындалды,ол сізді қажетті қызметтер және кеңестермен қамтамасыз ету үдерісіне болады. Бұл әріптес әрқашан бірінші отырыстарда болады, дегенмен, сіздің дағдыларыңыз бен қажеттілігіңізге байланысты, сізге Moore Stephens компаниясының басқа серіктесін бере алады.
 
Сіздің қызметіңіз үшін ақы қалай төленеді?
Алғашында сізге қызмет көрсету үшін ақы қалай төленетіні түсіндіріледі, ал, егер мүмкін болса, төлемнің алдын-ала бекітілген мөлшерін немесе сізге күтілетін шығындардың болжамдық бағаларын айтамыз.
  
Менің аудиторым бар - бұл жағдайды өзгертеді ме?

Иә, өзгеретеді. Сіз аудиторларды өзгерткіңіз келсе - бұл қарапайым процесс болып табылады, бірақ біз кәсіби этикаға сай белгілі бір ережелерді сақтаймыз, алдыңғы аудиторларға біз сіздің атыңыздан әрекет ету мүмкін болмайтын ешқандай кәсіби себептер жоқ екеніне растау алу үшін, хабарлама жазу талап етіледі. Бұл таза формальды болып табылады, және сіздің алдыңғы аудиторлар өзгерістер бірқалыпты әрі тыныш өтуі үшін, бізге сіздің қызмет туралы тиісті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Сіздің клиент болу үшін, қандайда бір анықтамалар қажет пе?

Әбден мүмкін,  біз кейбір анықтамаларды беруіңізді сұрай аламыз. Сіз шаруашылық қызмет жүргізсеңіз, біз сіздің ең соңғы есептілігіңіздің көшірмесін бізге беруіңізді сұраймыз. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сіздің жеке басыңызды растайтын құжат талап етіледі - бұл процедура толығымен бірінші отырыста сізге түсіндіріледі.