Біз жөнінде

2011 жылдан бастап нарықта Moore Stephens Қазақстан жұмыс жасайды, ол он ірі аудиторлық компаниялардың құрамына кіретін Moore Stephens International аудиторлық, бухгалтерлік және кеңес беру  фирмаларының  халықаралық желісінің мүшесі болып табылады.

Біздің мақсатымыз – бірінші болу, барлық қаржы және салық сұрақтары бойынша  клиенттер әрдайым бізге жүгіне алады. Біз клиенттердің іскерлік және жеке мақсаттарына жетуі үшін, жекелеген шешімдер мен  ақылға қонымды кеңес беру арқылы қол жеткіземіз.
Біздің клиенттерімізге көрсететін қызметтердің тереңдігі мен көлемі бойынша, біз «Үлкен төрттік» компанияларының баламасы болып табыламыз. Біздің қызметтер клиенттердің қажеттіліктеріне орай неғұрлым практикалық және жеке көзқарастармен ұлғайып отырады.  Сонымен қатар, үйлесімді бағамен халықаралық сапа - бұл біздің жұмысымыздың негізгі ұстанымы болып қала береді.
Біздің жұмысымыздың деңгейі үнемі Moore Stephens еуропалық кеңсесінің  тарапынан сапаны бақылау арқылы расталады.
Біз нарықтағы үлесімізді ұлғайтуға және Қазақстандағы аудиторлық компаниялардың арасында көшбасшы болуға ұмтыламыз, ол үшін  қызмет нарығындағы үлесті арттыру және клиенттерге үйлесімді бағалармен қызметтерді көрсету осы мақсатқа жетудің негізгі құралы деп санаймыз. Тиімділікті түпкілікті сараптау және біздің қызметтеріміздің өзіндік құнын төмендету үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеу, бізге қызметтердің өзіндік құнын төмен ұстауға мүмкіндік береді
Біздің клиенттеріміз, нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін,  тиімділігін арттыру,  белгісіздік жағдайында тәуекелдерді басқару, сондай-ақ капитал нарықтарына қол жеткізуге қажетті қызметтер мен қолдауларға ие болады.
 
Moore Stephens International-дың бір бөлігі ретінде, біз әріптестерімізбен практикалық тәжірибе және білім алмасуға мүмкіндік аламыз. Бұл біздің клиенттерімізге жер шарының қай нүктесінде бизнес жүргізсе де,  жоғары деңгейдегі кеңес алуға және бізбен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын талап етуге ықпалын тигізеді..