Аудит

Сіздің мәселелеріңіз, біздің шешімдер

Экономикалық дағдарыс кең ауқымда қуат ала бастаған уақытта қазақстандық компаниялар өз тиімділігін барынша  қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысып жатыр. Дегенмен, шығынның кейбір түрлерін, мәселен, қаржылық есептілік аудиті шығындарын кейінге қалдыруға болмайды. Біз, сізге барлық қаржылық көрсеткіштерге жан-жақты аудиторлық бақылау жүргізе отырып, шығындарыңызды төмендетуге көмектесеміз.

Moore Stephens компаниясының мақсаты - біздің қызметтеріміз, яғни,  қаржы аудиті, бухгалтерлік есеп аутсорсингі және кепілдіктер ұсыну арқылы, сіздің бизнесіңіздің тиімділігін арттыру. Кез келген күтпеген жағдай орын алмауы үшін біз бизнесті басқаруға кепілдіктер ұсынудың маңыздылығын мойындаймыз.

Егер сіз, тәуекелдермен әлемдік нарық жағдайында күресіп жүрсеңіз, жергілікті нарықта жаңа бизнес ашсаңыз немесе сіздің қаржылық ақпараттарыңыздың нақты және объективті екендігіне кепілдіктер қажет болса, онда Moore Stephens компаниясы сіздің барлық қажеттіліктеріңізді қанағаттандыра алады. Біз бұл үшін Сіздің бизнесіңіздің қалай құрылғанын түсіну қаншалықты маңызды екенін білеміз, сондықтан біздің жұмысымыз сіздің компанияңыздың негізгі бизнес-тәуекелдері мен корпоративтік басқару талаптарымен танысудан басталады.

Қазақстандағы, оның ішінде Алматы қаласындағы халықаралық аудиторлық компаниялардың арасында кейбір ойыншылар ғана Moore Stephens сияқты орасан зор білім және тәжірибе деңгейімен мақтана алады. Бірақ, сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары сапалы қызмет көрсетуді тек осындай деңгейдегі білім мен тәжірибе ғана қамтамасыз етеді. Әдетте, аудиторлық және консалтингтік агенттіктер сіздің бизнесіңізге қатысы бар не жоқтығына қарамастан, өздерінің ұсынып отырған қызмет түрлерінің кең ауқымына аса назар аударады. 

Moore Stephens компаниясы нарықтағы көшбасшылармен бірге жұмыс істейді: біз экономиканың нақты секторындағы барлық тәжірибемізді қолдана отырып, сіздің ұйымыңыздың табиғатын зерттейміз. Бұл міндеттердің дәл және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Біз қабылданған аудиторлық рәсімдерді жүйелі түрде қайта қарау кезінде әрқашан жоғары стандарттағы техникалық шеберлікке, кәсіби адалдық пен объективтілікке адалмыз. Халықаралық желілеріміздің мықтылығын арттырудың арқасында, біз клиенттерімізді тиімді жұмыс әдістерін пайдалану жөнінде үздік кеңестермен қамтамасыз ететіндігімізге сенімдіміз.

Біз сізге қалай көмектесеміз

Moore Stephens компаниясының аудит жүргізу әдісі - сіздің бизнесіңіздің мәні мен құрылымын және оның алдында кездесетін қаржы тәуекелдерді айқын түсінуге негізделген. Барлық болжамдарды алғашқы кезеңде келісе отырып, аудит сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктерімен есептеседі. Бұл бізге қаржылық есептілік аудиті бойынша қорытынды беріп қана қоймай, клиенттердің одан әрі дамуы туралы құнды ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сындарлы және кешенді қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу сіздің компанияңыздың экономикалық көрсеткіштері мен нақты жағдайы туралы түсінік алуға, басқару жүйесіндегі әлсіз тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Аудит аяқталғаннан кейін, біз компания басшысына ішкі бақылау жүйесін, бухгалтерлік және салық есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген қысқаша хат дайындаймыз. Сондай-ақ, қаржылық аудит салық міндеттемелерін анықтайтын маңызды құрал болып табылады. Біздің қосымша қызметтер мыналарды қамтиды:
  Неліктен Moore Stephens компаниясы?

Біздің қызметтер аса маңызды мәселелерді шешуге бағытталған және сіздің бизнес жүйеңіз бен талаптарға сәйкестікке бақылау және тексеру рәсімдеріңіз барлық акционерлерге сенім мен толық тыныштық сезімін беруді мақсат тұтады.

Ішкі және сыртқы аудит жүргізілгеннен кейін, сіз өз қаржылық есептілігіңіз, басқару құрылымы және корпоративтік басқару процестеріңіздің сенімділігі мен тиімділігі туралы тәуелсіз және коммерциялық тұрғыда негізделген шолу аласыз.

Біз өз қызметтерімізді ең озық әдістемелермен толықтырамыз және клиенттеріміздің бизнес-мақсаттарына қол жеткізуін, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етеміз.
 
Біз  компания басшылығы мен Директорлар кеңесіне бизнес ахуалды барлық тараптардың  терең түсінуін қамтамасыз ете отырып, аудиторлық тексеріс қорытындыларын толығымен ашып көрсететін егжей-тегжейлі есептерді ұсынамыз.