Қаржылық институттар

Банк және қаржы

Ағымдағы экономикалық жағдайда қаржылық және коммерциялық мекемелер өсіп жатқан талаптарға тап болады. Біз несиелеу, брокерлік және инвестициялық қызмет саласындағы қаржылық қызметтерді біріктіру және кеңейту ұсыныстары бойынша мәмілелер саласында белсенді дамуды бақылап отырмыз.

Қатаң заңнамалық реттеу жағдайларында өзгерістерді басқарудан бастап, заңнама нормаларына сәйкестікті қамтамасыз ететін тиімді, тұрақты процедураларды енгізуге дейінгі қаржы саласындағы қызметтердің қиындықтары және талаптары көп.

Moore Stephens компаниясының қазіргі уақытта ең жылдам дамып келе жатқан департаменті болып табылатын қаржы мамандары командасының қызметі мемлекет реттеуіне тәуелді көптеген компанияларға, оның ішінде бағалы қағаздар және фьючерстермен айналысатын фирмаларға, инвестициялық басқару компанияларына, қорларға және банктерге қолдау және әдістемелік көмек көрсетеді.

Сақтандыру

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын Moore Stephens компаниясы өзінің P&I өзара сақтандыру клубтарымен байланысы арқылы бүкіл әлемде кеме иелерін қорғауды және залалдарын өтеуді қамтамасыз ететін сақтандыру қызметтерін көрсете бастады. Сол уақыттан бері, біздің мамандандырылған сақтандыру бөлімінің клиенттер саны әжептәуір өсті және бүгінгі күні олардың құрамына брокерлер, өмірді сақтандыру, жалпы сақтандыру және қайта сақтандыру істерін жүргізетін компаниялар кіреді.

Біз әлем нарығының барлық салаларында зор жұмыс тәжірибесін жинақтадық, оның ішінде:
 
  • азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
  • мүлікті сақтандыру;
  • теңіз тәуекелдерін сақтандыру;
  • автомобиль көлігін сақтандыру/өмірді сақтандыру;
  • экспорттық несиелерді сақтандыру;
  • қайта сақтандыру;
  • медициналық сақтандыру.
ТМД елдерінде біздің клиенттік базаға сақтандыру және қайта сақтандырумен айналысатын бірқатар жергілікті және халықаралық компаниялар кіреді.