Халықаралық салық салу

Бүгінгі күні көпұлттық компаниялар үшін үлкен мәселелердің бірі әрі зор мүмкіндіктердің аумағы – ортақ бизнес мақсаттарымен және операцияларымен үйлесетін жергілікті және шетелдік салықтарды тиімді басқару. Қарқынды жаһандық экономика салықтық үнемділіктің және салықтық тиімділіктің барлық мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында компанияның салықтары мен бизнес операциялары арасында тығыз қарым-қатынас орнатуды талап етеді.

Біздің команданың көпұлттық корпорациялардағы трансшекаралық кіріс және шығыс инвестициялар және халықаралық топтардағы топішілік операциялар сияқты халықаралық салық мәселелерін шешуде мол тәжірибесі бар. Команданың Moore Stephens компаниясының контактілер желісі бүкіл әлем бойынша, атап айтқанда Еуропада және ТМД елдерінде жақсы дамыған.

Біз сізге қалай көмектесе аламыз

Біз Қазақстанға инвестициялайтын компанияларға және шетелге инвестициялайтын жергілікті компанияларға көмек көрсете аламыз:
 
  • Инвестициялау үшін трансшекаралық салық салудың тиімді және жарамды стратегиясын әзірлеу және енгізу.
  • Салық мөлшерлемесінің әлемдік деңгейін және салықтық мәртебені басқару.
  • Біз әрдайым бизнеске жергілікті және әлемдік деңгейлерде әсер ететін жаңа әзірлемелер туралы хабардар болып отырамыз.