Одақтық әлеуметтік жауапкершілік

Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік Moore Stephens Kazakhstan-ның бизнес философиясы мен корпоративті мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады және әдепті, жауапты бизнес жүргізуге негізделген.

Біз Қазақстанның және жалпы қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының нығаюына, сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау үшін үлес қосуға ұмтыламыз.

  • Біз клиенттер мен қоғам алдында өз қызметіміз үшін жауаптымыз.
  • Біз компанияда еңбектің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеміз.
  • Біз қызметкерлердің кәсіби дамуын және біліктілігін арттыруды ойлаймыз.
  • Біз топ ішінде жұмыс атқару кезінде, сондай-ақ, Moore Stephens International желісі ішінде тәжірибе мен білім алмасуды қолдаймыз.
  • Біз өз жұмысына берілген қызметкерлерді бағалаймыз және ынталандырамыз.
  • Біз ЖОО бітірушілердің іс-тәжірибе және тағылымдама өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы және салық аудиті, бухгалтерлік есеп саласында құзырет пен дағдыларды үйрету арқылы талантты жастарға қолдау көрсетеміз.
  • Біз жаңа тәсілдемелерді жасаймыз және жұмыс уақыты шығынын азайту үшін, жұмыс үрдісінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру үшін бағдарламалық жасақтаманы жетілдіреміз.
  • Біз қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін материалды ресурстарды орынды пайдаланамыз.