Табиғи ресурстар және энергетика

Сарқылып жатқан табиғи ресурстар. Тұрақсыз бағалар. Өршу үстіндегі бәсекелестік. Әлемдік экономиканың белгісіздік факторлары. Ұлғайып жатқан шығындар. Мемлекеттік реттеудің өзгермелі саясаты. Энергетикалық және тау-кен өндіруші компанияларға қатысты көптеген мүмкіндіктер және қатерлер бар, сондай-ақ олардың болашақ табысы сол қиындықтармен қалай күресетінін айқындайды. Біз осыны білеміз, себебі біз әрдайым клиенттеріміздің қасынан табылып отырамыз, оларға алдағы мәселелерді ең тиімді тәсілмен шешуге көмектесеміз.

Moore Stephens энергетика және тау-кен игеру өнеркәсібі жөніндегі командасы табиғи ресурстарды өндіру, мұнай саудасы және қалпына келетін энергетика саласында жұмыс істейтін компанияларға көптеген қызметтерді ұсынады. Белгісіздік және капитал нарығына қатынау жағдайларында заңнама талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету, тиімділікті арттыру, тәуекелдерді басқару үшін біз клиенттерге қажетті консультациялық қызметтерді және қолдауды ұсынамыз. Біздің энергетика және тау-кен игеру саласындағы беделіміз жоғары, сонымен қатар клиенттерге тиімді уақытта қажетті адамдармен кездесуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кәсіпқой контактілердің сенімді желісі бар.

Энергетика және тау-кен игеру өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін бухгалтерлік есеп саласында қызметтер ұсынатын мамандандырылған орташа фирма бола тұра, Moore Stephens үлкен төрттік сияқты ірілеу фирмаларға жақсы балама болады. Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі топтың жетекшісі Василий Никитин саланың ерекшелігін жетік біледі және «Қазақмыс» (тау-кен игеру өнеркәсібі), «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ (мұнай-газ саласы), «ТорғайПетролеум» АҚ (мұнай-газ саласы), «ҚазГерМұнай» БК ЖШС (мұнай-газ саласы), «ҚуатАмлонМұнай» (мұнай-газ саласы), «ПМӨЗ» АҚ (мұнай өндіруші зауыт) сияқты Қазақстанның ірі компанияларында аудиторлық қызмет тәжірибесі зор.
Табиғи ресурстар

Moore Stephens көмір, алтын, темір кені және басқа табиғи ресурстарды өндіру саласындағы кәсіпорындардың алдында тұрған көптеген қиындықтарды түсінеді. Тауар бағаларының және валюта бағамдарының тұрақсыздығы өндірістік қызметті табысты жоспарлау үдерісін қиындата түседі. Көптеген аймақтарда инфляцияның арқасында өндірістік шығындардың үнемі өсуі табысқа үлкен қысым түсіріп,  тиімділікті арттыру қажеттілігін алға шығарады. Күрделі жобаларды жүзеге асыру кезінде қосымша қиындықтар туындайды: көптеген тау-кен өндіруші компаниялары жобаларды мерзімінен кешіктірмей және бюджеттен асырмай аяқтауға қабілетсіз.

Біз қаржылық есеп және қаржылық есептілік, аудит және ақпараттың сенімділігін растау саласындағы қызметтерді ұсынамыз. Қызметтерді ұсыну үшін Moore Stephens International компаниясының барлық негізгі тау-кен өндіруші аймақтарда қажетті салалық және техникалық тұрғыдан тәжірибелі фирмалар желісі бар, олар: Африка, Ресей және ТМД елдері, Канада, Азия (оның ішінде Индонезия және Малайзия), сонымен қатар Оңтүстік Америка. Біздің Лондондағы кеңсемізбен тығыз байланыс тау-кен компаниялары қатарындағы біздің барлық клиенттерімізге тиімді, кешенді қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Энергетика

Энергия ресурстарына үнемі өсіп жатқан сұраныс. Тұрақсыз нарықтар. Көшетжай газдарын шығару деңгейін қысқартуға қойылатын талаптар. Өзгеріп жатқан саяси және заңнамалық артықшылықтар. Жаңа технологиялардың пайда болуы. Өршіп келе жатқан баға қысымы. Жұмыс күшінің ескіруі. Энергетикалық компаниялар ең ауыр кезеңдердің бірін өткеріп жатқаны анық, Олардың басым көпшілігі үшін дұрыс және негізделген қағидатты қалыптастыру күтіп тұрған жағдайларға дайын болуға көмектесе алатын, бейімделу кілті бола алады.

Энергетика саласындағы біздің мамандар саладағы нақты жұмыс тәжірибесін және біздің клиенттерді, олардың бизнесін, сонымен қатар олар тап болған қиындықтарды тереңінен түсінеді. Біз әрқашан ең жақсы әдістемелер мен ең жаңа технологияларды іздейміз. Бұл жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алатын жан-жақты негізделген қағидатты жасау үшін көмектеседі. Біздің жұмыс тәсілдеріміз Екібастұз ГРЭС-1 (ХҚЕС ауысу, қаржылық есептілікті дайындау) және Шардара ЖЭС-і (аудит) сияқты саладағы ірі ұйымдарға көмектеседі.