IT және телекоммуникация

Телекоммуникациялық саланы, ақпараттық технологияны және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану саласы өсіп келеді. Интернет те қалыспайды; жаңылыстардан қорғану және кейін қалпына келтіру жоспарларының маңызы арта түсуде; сәтті қызмет ету үшін бизнес нақты компанияның қажеттіліктеріне бейімделген мамандандырылған қосымшаларды қажет етеді; жаңа технологияларды дамыту жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа қауіптерді де тудыруын жалғастырып келеді. Келесі бірнеше жыл ішінде осы салаларда әрекет ететін біраз компаниялар едәуір табысқа жетеді, бірақ көбі сәтсіздікке ұшырайды.

Қатаң баға бәсекесіне және баға реттеуіне қарамастан, соңғы он жылда телекоммуникация нарығы айтарлықтай өсті. Бұл саланың дамуы көбінесе Интернет желісіне қатынау, кең жолақты байланыс қызметтерін және мәліметтерді жіберудің жаңа буыны сияқты ұялы байланыс қызметтерін ұсынған компаниялардың жылдам өсуі есебінен болды. Алдағы бес жылда ұялы байланыс қызметтері және мәліметтерді жіберу қызметтері (әсіресе IP желілер) бейне қоңыраулар, бейне хабарлар және бейне телефония санының өсуімен бірге дамып келеді.

Moore Stephens осы саланың компанияларына көп жылдар бойы консультациялық қызметтер көрсетіп келеді. Біздің ТМД-дағы командамыз IT, телекоммуникация және БАҚ секторларында білімдері мен түсінігі мол аса ірі халықаралық команданың бөлігі болып табылады; бұл саладағы біздің абыройымыз артып келеді. Секторды тұтастай және жеке клиенттердің бизнесін терең білу әрі түсіну арқасында біз нақты пайдаланушылардың қажеттіліктеріне бағытталған мамандандырылған қызметтер ұсынуға қабілеттіміз, бұл олардың құндылығын және тиімділігін сөзсіз арттырады.