Николай Славянинов

История партнеров, Серик Кожикенов, Moore Stephens KazakhstanАудит бойынша серіктес, Сапаны бақылау бөлімі
CPA

Санкт-Петербург Экономика және Қаржы Университетін аяқтау кезінде бітірушілер жиналысында факультет ректоры жұмысқа бос орындар бар екені туралы хабарлап, ТМД-да жаңа ашылған сол кездегі Үлкен Алтылық ішіндегі бір фирма аудит бөліміне ассистентерді қабылдайтындығын айтты. «Егер ағылшынша түс көретін болсаңдар, талаптанып көріңдер» деп қалжыңдады. Сол уақытта халықаралық компаниядағы тәжірибемнің арқасында және бірнеше еуропа тілдерін меңгергендіктен, дәл халықаралық компаниядағы аудит менің әуестенетін ісім деп шешіп, тәуекелге бел будым. Мені сол кезде негізі Англия, АҚШ және канадалық мамандардан тұратын ұйымшыл ұжымға қабылдады.

Жиынтығында, мен осы фирмаға, Италия мен АҚШ-тағы ұзақ мерзімді тағылымдамаларды қосқанда, 12 жыл арнадым. Осы жылдары мен ресейлік аудиторлық аттестат пен кәсіби есепшінің американдық лицензиясын (CPA) алу үшін емтихандарды сәтті тапсырдым, «Корпорация Казахмыс» қазақстандық компаниясының Лондондық Қор Биржасындағы IPO-сына қатыстым. Біраз уақыт клиенттердің бірінде қаржы директоры қызметін атқарып, өз қызметіме қайта оралдым, сосын жеті жыл бойы басында аудитте, кейін сапаны бақылау бөлімінде Үлкен Төрттікте директор болып еңбек еттім.

2013 жылы Moore Stephens-тің мәскеулік кеңсесінде аудит бойынша директор ретінде жұмыс істеу менің мансабымдағы келесі сатыға айналды, жаңа көлемді жобаларда жұмыс істеуге, жоғары жауапкершілікті талап ететін мәселелерді шешуге, сонымен қатар, Үлкен Төрттік фирмаларына лайықты бәсекелестікті құруға мүмкіндік ашты.

Клиенттерім өндіруші өнеркәсіп, энергетика, телекоммуникация, көлік, тағам өнеркәсібі, қонақ үй бизнесі салаларындағы ірі және орта мекемелер болды. Аудитпен қоса, ҚЕХС бойынша есептеме дайындаумен айналыстым, бухгалтерлік есеп саласында кеңес беру қызметтерін атқардым, сату және сатып алу кезіндегі компаниялардың қаржылық жағдайын сараптамадан өткізу жобаларына қатыстым.

Желі сапасының жоғарғы стандарттарына сәйкес келу – қызметіміздің негізгі қағидасын ұстану үшін халықаралық аудиттегі көпжылдық тәжірибені қолдана отырып, Moore Stephens Kazakhstan-да сапаны тексеру мен аудиторлық құжаттаманың ішкі саясаттар мен процедуралар талаптарына сәйкестігін қадағалау менің міндетім.