Василий Никитин

История партнеров, Серик Кожикенов, Moore Stephens KazakhstanАудит бойынша серіктес
CMA, CISA

Маған, өз жұмысыңда не қызықтырады, деп сауал қойғанда, мен ақшаға кроссворд шешуді ұнатамын, деймін. Мұнда асыра айту жоқ, маған әрқашан шығармашылық жұмыс сәтті болды. Институтты тәмамдаған соң, мен конструкторлық бюроға жұмысқа орналастым. Өкінішке қарай, бағдарлама жасау сол кезде көп талап етілмеді, бірнеше жылдан кейін, сосын аспирантурадағы оқудан соң жаңа мамандықты меңгеруді қайтадан бастауға тура келді. Мен экономикалық жоғарғы оқу орнын бітірдім, 10 жылдай ірі халықаралық аудиторлық фирмада қызмет жасай жүріп, осы уақыт ішінде екі мамандықтың шеңберінде еңбек еттім. Алайда, бұл симбиозды Moore Stephens компаниясында көлемді қолдана бастадым.

Оңтайлы баға бойынша халықаралық сапа – бұл біздің ұранымыз ғана емес, біздің стратегия. Ірі халықаралық аудиторлық желінің мүшесі бола отырып, біз сапаның бекітілген деңгейін сақтаймыз. Біз шығарған қаржы есептемесі тәуелсіз серіктестік тексеруінен өтеді. ТМД-дағы әріптестер әрбір жаңа жоба бойынша іс қағаздарды тексереді. Сондай-ақ, екі-үш клиент бойынша аудиторлық файлдар міндетті жылдық тексеруден өтеді. Бұл, әрине, қаражатты қажет ететін іс. Сондықтан, клиенттерге бәсекеге қабілетті бағаларды беру үшін аудиторлық процесті барынша автоматтандырдық.

Аудиторлық құжаттардың үлгілерінен басқа, қаржы есептемесін компиляциялау және ашып көрсету, салық декларацияларын дайындау, қаржы есептемесін форматтау бойынша бағдарламалық жасақтаманы жасап, өз жұмысымызда қолданамыз. Бұл аудит бағасын төмендетіп қана қоймай, адами факторға байланысты қате жіберу қаупін азайтады.

Қазақстанның аудит нарығында бағалар айырмашылығы өте зор. Танылған сапасы мен жоғарғы сағаттық мөлшерлемесі бар үлкен фирмаларда «серіктеспен амандасу» құнының өзі бірнеше жүз доллар тұрады. Бағамы қызметіне сәйкес, күдік туғызатын төмен бағаға жұмыс істейтін фирмалар да кездеседі. Ал, біз клиенттерге, жұмыс сапасын сақтай отырып, қисынды бағалар ұсынамыз.

Біздің абсолютті басымдылығымыз – орта деңгейдегі компаниялар. Үлкен фирмалар, көбінесе, ірі клиенттерге бет бұрады, ал орташа компанияларға уақыт пен ресурстары жетпеуі мүмкін. Біз үшін осындай әр клиент маңызды, әр жобаға ең білікті мамандар жіберіледі. Біз клиентеріміздің нақты қажеттіліктерін түсініп қана қоймай, әрқашан олар күткен нәтижелерді асыра орындауға бар күшімізді саламыз.