Салық аудиті

Біздің қызметкерлеріміз салық ұйымдарында ұзақ жұмыс тәжірибесі болғандықтан салық салудың мән-жайын өте жақсы түсінеді. Біз салық есептерінің толтырылу дұрыстығын тексеру үшін мәліметтерді жинау бойынша біркелкі рәсімдерді автоматтандыратын және оларды құру кезіндегі техникалық қателіктерді болдырмайтын меншікті бірегей компьютерлік құралдар өңдедік. Баяндалған әзірлемелер және білімдер бізге құнды тексерулерді тиімді жасауға және салық есебінің неғұрлым әлсіз жерлерінің тексерілуіне көңіл бөлуге ерік береді.

Салық аудиті шегіндегі рәсімдер

Біз бухгалтерлік қызметпен компанияның  барлық операциялардың заңнаманың талаптарының сәйкестігі бойынша  салық есебінің ережелерін талқылаймыз.

Біз алынған қызметтер мен жұмыстар бойынша бастапқы құжаттардың түгендеуін жасаймыз.

Біз есепке алынған салықтық шот-фактуралардын түгендеуін жасаймыз және олардың заңнаманың талаптарына сәйкес рәсімделгеніне мән береміз.

Біз тауарлардың, жұмыстардың және қызмет жеткізушілерінің тізімін қосылған құн салығын төлеушілердің мемлекеттік тізімімен салыстырамыз.

Біз бейрезиденттермен операциялар бойынша есептік құжаттаманың халықаралық келісімдердің және салықтық заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексереміз.

Біз ұсынылған салық есептерін салық төлешінің дербес шотымен салыстырамыз.

Біз бухгалтерлік есеп бағдарлмаларының электрондық базасының жазулары және салық есебінің қосымша тәптіштеулері бойынша салық есептерінің өз жобаларымызды құрамыз.

Деректі тұжырымдама бойынша есеп

Келісілген рәсімдердің аяқталуынан кейін біз салық есебінде табылған барлық ауытқуларға Сіздің көңіліңізді аударатын деректі тұжырымдама бойынша есеп дайындаймыз және оларға тәптіштелген есептеулер береміз. Біз компанияның қаржы қызметіне барлық есептеулер бойынша электрондық кестелер жібереміз және оның нәтижелерін талқылаймыз. Өз есептеулерімізді қаржы қызметінің қайта тексеру жұмысын елеулі жеңілдететіндей Компанияның есеп жазуларының талдамалы шоттарының айналымдарына нұсқаулап көрсетеміз.