Салықтық шолу және салық тәуекелдерін бағалау

Компаниялардың бюджетке және бюджеттік емес қорларға айыппұлдары мен өсімақылары бойынша елеулі шығыстар өтеуі жұртқа мәлім.  Банктік сыйақыдан көрсетілген баптардың айырмасы - олар корпоративті табыс салығын есептеу кезінде шегерімдерге жатқызылмайды. Сәйкесінше, салықтық міндеттемелерді уақтылы төлеу тиімді. Сонымен қатар, есеп беру уақытынан кейін табылатын, тиісті салық есептеріне мезгілсіз түзету қаупіне соқтыратын бизнеске тән қателер туындайды.

Бастапқы құжаттарды тексеру аудит уақытының үлкен бөлігін алса да, қате көбінесе салықты есептеу мен декларацияны дайындау кезінде табылады, себебі ол атқарушыдан арнаулы білім мен тәжірибе талап етеді. Есепті құру кезінде жіберілетін техникалық қателер салық тексерулерінің нәтижесінде табылатын негізгі бұзушылықтар болып табылатыны мәлім. Содан кейін ғана заңнаманы теріс түсінуден кететін қателер және бастапқы құжаттырдың кемшіліктері жүреді.

Біздің жауапты серіктестеріміз ірі компаниялардың қаржы қызметтерін басқарды, сол себептен өндірістік есеппен мүлтіксіз танысты. Біз салық есептерінің толтырылу дұрыстығын тексеру үшін мәліметтерді жинау бойынша біркелкі рәсімдерді автоматтандыратын және оларды құру кезіндегі техникалық қателіктерді болдырмайтын меншікті бірегей компьютерлік құралдар өңдедік. Баяндалған әзірлемелер және білімдер бізге «қашықтықта қызметті» сіздерге ұсынуға, салық есебінің неғұрлым әлсіз жерлерінің тексерілуіне көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Біздің шолу шегіндегі рәсімдер:

Біз бухгалтерлік қызметпен компанияның барлық операциялардың заңнаманың талаптарының сәйкестігі бойынша салық есебінің ережелерін талқылаймыз.

Біз алынған қызметтер мен жұмыстар бойынша бастапқы құжаттардың түгендеуін жасаймыз.

Біз қызметкерлер табысының салық есебі бөлімін қосатын салық міндеттемелерін есептеудің автоматтандырылған үрдісіне арналған бухгалтерлік есеп бағдарламасының алгоритмін тексереміз.

Біз бухгалтерлік есеп бағдарлмаларының электрондық базасының жазулары және салық есебінің қосымша тәптіштеулері бойынша салық есептерінің өз жобаларымызды құрамыз.

Салық аудиті шегіндегі рәсімдер

Біз салық есебінде табылған барлық ауытқуларға Сіздің көңіліңізді аударатын деректі тұжырымдама бойынша есеп дайындаймыз және оларға тәптіштелген есептеулер береміз. Өз есептеулерімізді қаржы қызметінің қайта тексеру жұмысын елеулі жеңілдететіндей Компанияның есеп жазуларының талдамалы шоттарының айналымдарына нұсқаулап көрсетеміз.